Accessibility links

Анкарада Набукко келісіміне қол қойылады


Шілденің 13-де Набукко табиғи газ құбыры өтетін тасымал 5 елдің өкілдері Анкарада үкіметаралық келісімге қол қояды.
Бұл туралы бүгін Еуропалық комиссия өкілінің Брюссельдегі баспасөз мәслихатында айтылды.

Набукко құбыры өтетін тасымал елдер Түркия, Болгария, Румыния және Австрия елдері. Набукко жобасына тартылған 6-шы ел Германия да осы кездесуге бақылаушы ретінде қатысады.

Еуропаның Ресей газына тәуелділігін азайтады деп күтілген бұл газ құбыры Каспий мен Таяу Шығыс газын Еуропа аймағына 2014 жылы жеткізеді деп жоспарланып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG