Accessibility links

Пхеньян 7-ші зымыранын ұшырды деп хабарланды


Оңтүстік Корея ресмилерінің хабарлауынша, соңғы мәліметтерге қарағанда Солтүстік Корея бүгінге дейін жалпы саны 7 зымыран ұшырып отыр.

Әскерилердің айтуынша, оның бәрі қысқа қашықтықтағы зымырандар. Жапония ол зымыран сынақтарын айыптап, көрші елдердің қауіпсіздігіне қарсы үлкен арандатушылық деп айтты.

Оңтүстік Кореяның әскерилері өздерінің Пхеньян тарапынан төнген қандайда бір қауіп-қатер мен арандатушылыққа қарсы тұруға дайын екенін білдірді.

Солтүстік Корея елдің шығысындағы жағалауда бейсенбі күні 5 қысқа қашықтыққа арналған зымыранын ұшырып, осыған дейін Пхеньянның мамыр айындағы екі зымыран сынағына байланысты өршіп тұрған жағдайды ушықтырып отыр.
XS
SM
MD
LG