Accessibility links

Лос-Анджелес қаласы Майкл Джексонмен қоштасуға дайындалуда


Лос-Анджелес қаласының ресмилері сейсенбі күні Майкл Джексонмен қоғамдық қоштасу рәсіміне өте көп адам жиналады деп дайындалып жатқанын хабарлады.

Полиция өкілдері әлімге әйгілі әнші әрі бишімен қоштасу шарасына 17 мың 500 билет ұсынылғанымен, келетін жұрттың саны 700 мыңға дейін жетуі мүмкін деп отыр.

Қала ресмилері халықты үйлерінде отырып, еске алу шарасын теледидардан көруге шақырып отыр. Бірақ жұрттың көбісі үйде қалғанның әсері шамалы болатынын айтқан.

Майкл Джексон өмірден өткен күннен бері оның фанаттары Лос-Анджелстегі оның үйінің маңына жиналып алды.
XS
SM
MD
LG