Accessibility links

АҚШ Пхеньянды жағдайды ушықтырмауға шақырды


Бүгін Пхеньян жетінші зымыран сынағын жасаған соң, Құрама Штаттар Солтүстік Кореяны жағдайды ушықтырмауға шақырды.

АҚШ-тың мемлекеттік департамент өкілі Карл Дакуорс Пхеньянның әрекеті тиімді емес, Солтүстік Корея оның орнына ядролық қарудан бас тарту келісіміне назар аудару керек деді.

Солтүстік Корея қысқа қашықтықтағы 7 зымыран ұшырғаны хабарланды. Ол сынақтар елдің шығыс жағалауындағы мұхитта жасалды.

Жапония бұл сынақтарды айыптаса, Оңтүстік Корея әскерилері өзедірінің қандайда бір арандатушылыққа дайын екенін айтуда.
XS
SM
MD
LG