Accessibility links

Иран есірткі саудасымен айыпталған 20 кісіні дарға асты


Иранның жартылай үкіметтік ақпарат агентігі хабарлағандай, Иран билігі Теһранның батысындағы Карадж түрмесінде есірткі тасымалдаушы деген айып тағылған 20 адамды дарға асып өлтірді.

Amnesty International адам құқын қорғаушы ұйымның хабарлауынша, өткен жылы Иран 346 адамға өлім жазасын берді.

Францияның AFP ақпарат агенттігі келтірген мәліметтерге қарағанда, осы соңғы өлім жазасы үкімдерінің орындалуымен осы жылы Иранда 161 адам дарға тартылып, жазаланды.
XS
SM
MD
LG