Accessibility links

Рафсанжани: Иранда сайлау дағдарысынан кейінгі күрес жоқ


Иранның бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанжани маусымның 12-дегі сайлау бұрмалаушылықпен өтті деген дағдарыстан кейін елде қандайда бір билікке талас байқалмайды деді.

Рафсанжани даулы сайлаудан кейін ирандықтар арасында бірқатар қайғылы оқиғалар мен наразылықтар болғанын мойындай келе, бірақ ислам республикасының бұрыннан қаланған мүддесі қорғалуы керек деді.

Экс-президент бұл туралы сенбі күні билік тарапынан қамауға алынғандардың кейбір отбасы мүшелерімен кездесуде айтты.

Иран билігі сайлауда президент Махмуд Ахмадинежадтың жеңіске жеткеніне наразылық танытып, көшеге шыққан шерушілерді жаппай қамауға алған болатын.
XS
SM
MD
LG