Accessibility links

Медведев: Ходорковский айыбын мойындаса, рахымшылық болады


Ресей президенті Дмитрий Медведев қамауда отырған мұнай алпауыты Михаил Ходорковскийдің кешірімін қабылдамай, ЮКОС-тың бұрынғы басшысы алдымен салықтан жалтарып, алаяқтық жасағанын мойындасын деді.

Кезінде Ресейдің ең бай азаматы болған Ходорковский бүгінде жоғарыдағы айыптармен сегіз жыл түрме жазасын өтеп жатыр. Оған жақында Мәскеу соты екінші қылмыстық іс ашып, миллиондаған тонна мұнайдың ақшасын жымқырған деген айып бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Ходорковский екі істе де өзінің кінәсіз екенін айтып келеді. Оның қолдаушылары Ходорковскийді түрмеде ұстау үшін оған тағылған айыптар қолдан жасалған деп отыр.
XS
SM
MD
LG