Accessibility links

Қытайдағы су тасқынынан 15 адам қаза тапты


Қытайдың оңтүстігіндегі қатты жауған нөсер мен су тасқынынан 15 адам қаза тауып, 550 мың халық басқа жаққа қоныс аударды.

Циньхуа агенттігі хабарлағандай, бүгін 4 сағатқа созылған нөсерлі жауын елдің оңтүстігіндегі үйлерді бұзып, егін алқаптарын талқандап, жолдардың жырылуы өзен суының тасуына әкелді.

Табиғат апатынан ең көп зардап шеккен Гуанси аймағының 285 мың тұрғыны өз үйлерін тастап шыққан.
Бұл провинциядағы 103,400 гектар алқаптағы егін мен 3,600 үй су астында қалды.
XS
SM
MD
LG