Accessibility links

Қазақстан Назарбаевтың туған күнін тойлауда


Бүгін Қазақстанда «Астана күні» мерекесі мен тәуелсіз елдің бірінші әрі қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні тойлану үстінде.

Қазақстанның мерекелер туралы заңына өткен 2008 жылдың 18 шілдесінде енгізілген толықтыруға сәйкес, «Астана күніне» – мемлекеттік мереке мәртебесі беріліп, астана күнін тойлау 10 маусымнан президенттің туған күні – 6 шілдеге көшірілді.

Заң жобасында «Астана күні – 6 шілде» мемлекеттік мерекесінің халық үшін тарихи-мәдени маңызы бар және Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерінің белгісі болып табылады» делінеді. Осы заң бойынша, 6 шілде демалыс күні болып табылады. Алайда саяси оппозиция мен қоғамдық ұйымдар бұл мерекені қазіргі президенттің бір басына табынушылықтың айқын белгісі деп есептейді.
XS
SM
MD
LG