Оңтүстік Кореяның президенті Ли Мен Бак өзінің сайлау алдында берген сөзін орындап, қайырымдылық қорына 26 миллион доллар қаражат аударды. Хабарға қарағанда, бұл сома президентің бар байлығының 80 пайызына тең көрінеді.
Ли Мен Бак қаражатты тапшылық көріп отырған студенттерге көмек беретін қорға аударды. Президент бұл қадамын өзінің кедей отбасында тәрбиеленуімен және білім алып жүрген жастарды қолдау қажет екенін жақсы білуімен түсіндірді.
Оңтүстік Кореяның қазіргі президенті университет бітірген соң, табысты кәсіпкерлікпен шұғылданды.