Accessibility links

Гандурастың президенті өз еліне орала алмады


Гондурастың биліктің тайдырылған президенті Мануэль Селайя Сальвадорға келіп тоқтады. Би-Би-Си-дің хабарлауынша, Сальвадорда ол Оңтүстік Американың, оның ішінде Аргентина, Эквадор және Парагвай президенттерімен өзінің келесі қадамдарын ақылдасады.

Оның алдында Гондурас үкіметі биліктен қуылған президенттің елге оралуына мұрша бермеді. Ұшақтың қонатын алаңына бөгет қойды.
Ал осы кезде Гондурастың астанасы – Тегусигальпеде президенттің қолдаушылары мен армия қақтығысып қалды. Түрлі мәлімет бойынша, 1-2 кісі мерт болғанға ұқсайды, жараланғандар тағы бар.

Мануэль Селайя – маусым айының соңындағы мемлекеттік төңкерістің салдарынан биліктен тайдырылып, елден қуылды. Батыс пен Латын Америка елдерінің көпшілігі Селайяны қолдап шықты.
XS
SM
MD
LG