Accessibility links

Ресми Қытай мен ұйғыр сепаратистері бір-бірін айыптайды


Қытай үкіметі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы - Үрімжі қаласындағы бейберекетті ұйымдастырды деп ұйғыр сепаратистерін айыптады. Соңғы дерекке сәйкес, ссы бейберекеттің салдарынан кемінде 140 адам мерт болып, 800-ден астам кісі жараланды.
Өз кезегінде эмиграциядағы ұйғырлардың көсемдері бейбіт шеруге шыққан халықты бейберекетке жетеледі деп ресми Бейжіңнің өзін айыптады.
Үрімжі қаласында бірнеше мың этникалық ұйғыр полициямен қақтығысып қалып, ақыры жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Билік қалаға күшпен тәртіп орнатты. Хабарға қарағанда, жүздеген адам тұтқындалып, Үрімжіден кіріп-шығуға шектеу қойылды.
Мұсылман ұйғырлар басым тұратын Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы ахуал ертеден бері асқынып келеді. Осы аймақта Қытай үкіметінің адам құқын аяққа таптағаны туралы хабарлар жиі шығады.
XS
SM
MD
LG