Accessibility links

Кремль мен Ақ үй жаңа келісімдерге келуге жақын


Дүйсенбі күні Кремльде Ресей мен АҚШ президенттері Дмитрий Медведев пен Барак Обама бастаған делегациялардың кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жалғасты.
Медведев мәлімдегендей, күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қозғалды және нақты шешімдер, оның ішінде стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту мәселесі бойынша шешім қабылданатын сыңай байқалады.
Өз кезегінде Б.Обама жүзбе-жүз келіссөздің жемісті болғанын хабарлап, тараптардың барлық мәселе бойынша нәтижеге жете алатынына сенетінін мәлімдеді.
Ресей мен АҚШ президенттері қауіпсіздік, экономика, энергетика және қоршаған орта мәселелері бойынша келісімдерді талқылайды.
Сейсенбі күні Обама Ресей премьер-министрі Владимир Путьинмен келіссөзге отырады. АҚШ президенті Ресей оппозициясымен де кездесуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG