Accessibility links

Ақмола облысында қола ғасырының жәдігері табылды


«Литер» газетінің мәліметінше, Ақмола облысында Қазақстан мен Ресейде теңдесі жоқ, қола ғасырына жататын қабір қазылып, одан бойы 180 см, белінде қола белдігі бар әйелдің мүрдесі табылған.

Облыс аумағындағы Қошқарбай сайынан табылған бұл көне дәуірдің жәдігері туралы «Мәдени мұраны пайдалану мен қорғау орталығының» бас маманы Қуаныш Шақшақов: Таспен жабылған үстіңгі қабатты алып тастағанда 20 сантиметрден кейін басқа қабат көрінді, әктасты аймақ болып саналатын бұл жерге тән емес гранит плитаның алты қабаты бар. Оның бәрін алғанда 70 сантиметрдей өте терең жер қалды, оны қазғанда осы олжаны таптық, — дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG