Accessibility links

Обама: АҚШ пен Ресей бәсекелес болмауы тиіс


Бүгін Мәскеуде сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Барак Обама Құрама Штаттар мен Ресейдің жауласу ниеті болмауы керек деді.

Обама бұл сөздерін Ресейге сапарының екінші күнінде Мәскеудегі экономикалық мектептің түлектері алдында айтты.

Обама Құрама Штаттар Ресейдің мықты, бейбітшілікте және өркендегенін қалайды деді. Оның айтуынша, екі елдің өзара мүдделері ортақ. Сол себепті АҚШ президенті Ресейді диалог пен ынтымақтастықты дамытуға шақырды.

Ол сондай-ақ Ресейге арнаған сөзінде заңның орындалуы мен демократиялық құндылықтарды алға тартты.
XS
SM
MD
LG