Accessibility links

"Алғаның" соты өтеді


Бүгін Астана қалалық сотында "Алға ДВК" қозғалысының апеллициялық шағымы қаралады.

28 мамырда Астанада ауданаралық экономикалық сот бас прокуратураның арызын қанағаттандырып, 2007 жылғы әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің «Алға ДВК» қозғалысын тіркеу туралы бұйрығын жою туралы үкім шығарған болатын. Үкім шыққаннан кейін оппозициялық ұйымның басшысы Владимир Козлов Азаттық радиосына бұл сот шешімінің артында саяси астар бар екенін мәлімдеген.

Ал одан бұрын Алматыда өткен сотта, тіркеуден өтпеген «Алға» оппозициялық партиясының атынан сөйлеп жүрген Владимир Козловқа айыппұл салынған болатын.
XS
SM
MD
LG