КазТАГ-тың мәліметінше, Ресей ішкі істер министрлігі мемлекетаралық іздеу салынған Қазақстандық БТА банктің бұрынғы басшы қызметкерлерінің бірі Вероника Ефимованы Мәскеуде ұстаған.
Ресей ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, 6 наурызда «өзгенің дүние-мүлкін иемденген және талан-таражға салған» деген баппен қылмыстық іс қозғалған 42 жастағы Вероника Ефимова Ресей ішкі істер министрлігі ұйымдастырған шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде қолға түскен.
Ол өткен жұма күні таңертеңгі сағат 8 бен 9 аралағында ресей астанасының Қазан вокзалында ұсталған. Краснодар қаласына кетіп қалмақ болған Вероника Ефимованың қасында балалы әйел болған. Ресейдің құзырлы орындары қамауға алынған БТА банктің топ-менеджерін еліне қайтару үшін оның құжаттарын дайындап жатыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, алдан-ала жүргізілген тергеу жұмыстары 2006-2008 жылдары Мұхтар Әблязовпен бірге жұмыс істеген Вероника Ефимоваға жалпы сомасы 200 миллиард теңгені (1 млрд доллардан астам) құрайтын несиені заңсыз иемденді деген айып таққан болатын.