Accessibility links

Пәкістандағы талибандарға АҚШ-тың зымыран соққысы тағы болды


Бүгін АҚШ-тың пилотсыз ұшағынан деп күдіктелген зымыран шабуылы Пәкістанның талибан жетекшісі Байтулла Мехсудтың жаттығу лагеріне соққы берді. Бұл талибандар бақылауындағы Оңтүстік Вазиристанға берілген екінші соққы болып отыр.

Барлау агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні мұндай зымыран шабуылынан кемінде 16 жауынгер қаза тапты.
Сонымен қатар Пешавар қаласында бір жанкешті өзін полиция бекетінің жанында жарып жіберді.
XS
SM
MD
LG