Accessibility links

ЕҚЫҰ кеңесінде діни сенім бостандығы сөз болмақ


Бүгін Венада ЕҚЫҰ-ның адамзаттық өлшем жөніндегі «Дін және сенім бостандығы» атты кеңесі басталады. Екі күндік кеңестің жұмысы үш сессиялық отырыс бойынша өткізілмек.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, бұл жиынға қазақстандық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Кеңестің күн тәртібінде ЕҚЫҰ аймағында дін және сенім бостандығын жүзеге асыру міндеттері, діни қауымдастықтар мен діндарлардың жағдайы, сондай-ақ құлшылық ету орындары сияқты тақырыптар қарастырылмақ.
XS
SM
MD
LG