Accessibility links

Ирақта жанкештілік шабуыл 34 адамның өмірін қиды


Бүгін Ирақтың солтүстігінде орын алған екі бірдей жанкештілік шабуылдан кемінде 34 адам қаза тауып, 60-тан аса кісі жарақат алды.

Шабуыл Бағдадтан 420 шақырымдай жердегі Тал Афар қаласында болды. Полицияның хабарлауынша, жанпидашылар бірінен соң бірі өздерін жарып жіберген.

Бағдадтағы жарылыста 7 кісі құрбан болып, 20 шақты адам жараланса, шииттер аймағында жол бойына қойылған екі бомба жарылысы орын алды.

Бұл шабуылдар АҚШ күштері Ирақ қалаларынан шығарылған соң болып отыр. Құрама Штаттар маусымның 30-нан бері Ирақтағы өз күштерін 2010 жылға дейін шығару жөніндегі жасалған келісімге сәйкес әкете бастады.
XS
SM
MD
LG