Accessibility links

Ресей: АҚШ-Ресей саммиті жаңа серпілісті болды


Ресейдің жоғары деңгейдегі дипломаты осы аптадағы Ресей мен АҚШ саммиті екі елдің байланысына жаңа серпіліс берді деп мәлімдеді.

Соңғы жылдары Құрама Штаттар мен Ресей НАТО-ның кеңеюі мен Американың Орталық Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына байланысты мәселелерде келіспей келген.

АҚШ президенті Барак Обама екі елдің байланыстарын жақсарту мақсатында дүйсенбі-сейсенбі күндері Мәскеуге барған болатын.

Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Андрей Нестеренко бейсенбі күні теледидарда сөйлеген сөзінде, АҚШ президентінің сапары сәтті әрі жаңа серпінде болды дей келе, тараптар екі жақты қарым-қатынастың артқа кетуін тоқтатуға келісті деген.
XS
SM
MD
LG