Accessibility links

Иран полициясы шерушілерге газ қолданды


Иран полициясы үкіметтің ескертуіне қарамастан, көшеге шыққан жүздеген шерушіге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды.

Шерушілер 1999 жылы Басидж күштері Теһран жатақханасындағы жастарға шабуылдап, адам шығыны болған оқиғаны еске алу шарасын өткізбек болған. Олар “диктаторға өлім” деген ұрандар айтып, 10 жыл бұрын студенттерге қарсы шабуыл болған орынға бара жатқан.

Оның алдында Теһран басшысы Мортеза Тамоддон қауіпсіздік күштері қандайда бір наразылық шараларын басып тастайды деп ескертті.

Бүгін оппозициялық кандидат Мир Хоссейн Мусави Теһран мен басқа да қалалардағы қолдаушыларын жаңа шерулер өткізуге шақырған.
Мусави маусымның 12-де өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткенін айтса, сайлаудың ресми қортындысы қазіргі президент Махмуд Ахмадинежадтың жеңіске жеткенін көрсетіп отыр.
XS
SM
MD
LG