Accessibility links

Мемлекет басшысы бірқатар мемлекеттердегі елшілерді тағайындады


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның бірқатар мемлекеттердегі елшілері тағайындалды.

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі міндетін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметтерінен босатылды.

Ал Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

ҚР президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алмас Насреддинұлы Хамзаев Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.
XS
SM
MD
LG