Accessibility links

Үрімжідегі қақтығыста Қазақстан азаматының зардап шеккені анықталды


Анықталған мәліметтер бойынша, Үрімжідегі қақтығыстар кезінде Қазақстанның бір азаматы зардап шеккен, дәрігерлер басынан жарақат алған оның жағдайын ауыр деп отыр, елге қайтару үшін оның денсаулығы тексерілуде — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров.

Бұған дейін Қытай үкіметі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық республикасындағы қақтығыстан бір де бір шетелдік зардап шеккен жоқ деп хабарлаған еді.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 6-8 шілде аралығында Қазақстанға Қытайда жүрген 1,2 мың азамат қайтып оралған. Енді 500 –дей азамат кері оралуы тиіс.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Синьхуа агенттігі Үрімжідегі тәртіпсіздіктің орын алуына ұйғырлардың шеттегі басшысы Рәбия Қадыр жетекшілік ететін «Дүниежүзілік ұйғыр конгресінің» интернет және басқа да ақпараттық көздер арқылы «Батыл болу керек», «Қақтығыс ұйымдастыру қажет» деп сөйлеген сөзі себеп болды деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG