Accessibility links

Үрімжіде жұма күні мешіттерді жабуға нұсқау берілді


Қытай билігі Шыңжаң аймағындағы этникалық қақтығыстан кейін жұма намазға баратындар үшін мешіттерді жабуға нұсқау бергенімен, кейбір мешіттер жұмысын жалғастырған.

Оның алдында Үрімжі қаласындағы мешіттердің әдеттегі жұмыстарын тоқтатуға бұйрық беріліп, ұйғыр мұсылмандарына үйлерінде отырып, мінәжат етсін делінген болатын.

Бейсенбі күні Қытай жетекшілері елдің негізгі қытайлық этникалық топтары мен ұйғырлар арасындағы 156 адам шығыны болған қақтығысқа жауаптылар қатаң жазаланады деді.

Қауіпсіздік күштері Үрімжіге қатаң бақылау орнатты. Жүздеген адам қамауға алынды деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG