Accessibility links

Иран шерушілерді таратуға газ қолданды


Иран полициясы үкіметтің ескертуіне қарамастан, көшеге шыққан жүздеген шерушіге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды.
Бейсенбі күнгі шеру қауіпсіздік күштері оппозицияның сайлаудан кейінгі наразылық шараларын басып тастағаннан бергі бірінші жиын болды.

1999 жылы Басидж күштері Теһран жатақханасындағы жастарға шабуылдап, адам шығыны болған оқиғаны еске алу шарасына қатысқандар “диктаторға өлім” деген ұрандар айтқан.

Оларды шеруге оппозициялық кандидат Мир Хоссейн Мусави шақырған. Мусави маусымның 12-де өткен президенттік сайлауда қазіргі президент Махмуд Ахмадинежадтың жеңіске жеткенін мойындамай келеді.
XS
SM
MD
LG