Accessibility links

АҚШ Ресеймен зымыран қорғанысы бойынша толық ынтымақтастық құрады


Пентагон басшысының зымыран қорғанысы жөніндегі агенттігі АҚШ баллистикалық зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспары бойынша Ресеймен толық ынтымақтастық құруды қарастырып отырғанын айтты.

Бұл мәселе Вашингтон Мәскеумен арасындағы байланыстарға салқынын тигізіп келген еді. Генерал Патрик О'Рейлидің Рейтерс агенттігіне айтуынша, Барак Обама әкімшілігі сол жоспарды жан-жақты дамытпас бұрын, ұсыныстарды алға тартуға ниет білдіріп отыр.
Осы жолмен тараптар зымыран қорғанысы бойынша ортақ шешімге келе алады деді О'Рейли.

Оның бұл мәлімдемесі президент Барак Обама Мәскеуде сапармен болып, ядролық қаруды азайту мен АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жоспары туралы келіссөздер жүргізген соң айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG