Accessibility links

Шешенстанда полиция қызметкерінің мәйіті табылды


Бүгін Шешенстанның Шали қаласында өлтірілген полиция қызметкерінің мәйіті табылды. Оның біреулер атып өлтірген. Шабуылдаушы оның тапаншасын алып кеткен.

Бұл тұста көрші Ингушетияның Қарабұлақ қалашығында жергілікті екі бірдей полицейдің үйіне белгісіз біреу шабуылдап, оқ атқан.

Өткен аптада Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Шешенстан мен Ингушетия арасында өлтірілген 9 полиция офицерінің өліміне жауапты адамдарды тауып, қатаң жазалайтынын ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG