Accessibility links

Босниядағы «мұсылман қасыретіне» - 14 жыл!


Сенбі күні Боснияда Сребреница қаласында босниялық серб әскерлерінің мұсылман тұрғындарды жаппай қыруының 14 жылдығына арналған қаралы рәсім өтіп жатыр.
1995 жылы Сребреницада 8 мыңдай мұсылман ер мен ұл баланы жаппай қырды. Еуропадағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі қырғын болған бұл қасыретті бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық трибунал геноцид деп таныды.
Сенбі күні Сребреница қаласының іргесінде 2003 тұрғызылған мемориалға 500-ден астам құрбанның табылған сүйектері жерленеді.
XS
SM
MD
LG