Accessibility links

Ауғанстанда ағылшындарға жаңа соғыс техникасы жетпейді


Англияның оппозициядағы Консервативтік партиясының көсемі Дэвид Кэмерон соңғы кезде Ауғанстанда қаза тапқан ағылшын жауынгерлерінің күрт артуына байланысты үкіметтен осы елдегі стратегиясын түсіндіруді талап етті.
Кэмерон атап көрсеткендей, Ауғанстанның Гильменд облысында тәліптермен шайқасқан ағылшын әскерлеріне соңғы үлгідегі соғыс техникасы, оның ішінде тікұшақтар жетпейді.
Сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд: Ауғанстан «терроршылардың инкубаторына айналмас үшін» ағылшын әскері осы елдегі тәліптерге қарсы соғысын жалғастыра береді, - деп мәлімдеді. Оның айтуынша, әскерді жаңа соғыс техникасымен жарақтау – үкіметтің бірінші кезектегі міндеті.
Тек соңғы тәулікте ғана Ауғанстанда ағылшындардың 8 жауынгері, ал 2001 жылдан бері 184 жауынгері мерт болды. Бұл – Ирақта 6 жылда қаза тапқан ағылшындардан да көп.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG