Accessibility links

Ауғанстанда қаза тапқан ағылшындардың саны Ирақтан асты


Англияның премьер-министрі Гордон Браун Ауғанстандағы ағылшын күштерінің көп шығынға ұшырауына қарамастан ресми Лондонның осы елдегі стратегиясын қорғап бақты.
Өткен аптада 1 тәуліктің ішінде Ауғанстанда бірден 8 жауынгерінің қаза болғаны, сөйтіп осы елде мерт болған ағылшындардың саны 184-ке жетіп, Ирақта қаза тапқандардың санынан да асқаны мәлім болған соң, парламент комиссиясына Гордон Браун осындай түсініктеме хатын жолдады. Ирақта 6 жылда ағылшындардың 179 жауынгері мерт болды.
Браунның атап көрсетуінше, Ауғанстандағы британ әскерінің басшылығы осы елдің оңтүстігіндегі тәліптерге қарсы шайқаста жеңіске жетеміз деп сенеді. Ағылшын премьері ағылшын күштерінің Ауғанстандағы мақсат-мүддесін терроризмнің ағылшын көшелеріне қайта оралуына тосқауыл қою деп түсіндірді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG