Accessibility links

Тәжікстанда экс-министр өлтірілді


Тәжікстанда үкіметке қарсы топқа мүше болды деп айыпталған Төтенше жағдайлар бойынша бұрынғы министр Мирзо Зиеев өлтірілді.
Хабарға қарағанда, экс-министр қару-жарақ жасырылған құпия қоймаларды көрсетуге және үкіметке қарсы топтың бостандықта қалған мүшелерін ұстап беруге келіскен көрінеді. Бірақ, өзінің сыбайластарының қолынан мерт болыпты. Оған еріп келген құқық сақшыларының бірнешеуі жараланыпты.
Тәжік ішкі істер министрлігінің ақпарына сәйкес, Зиеев мүше болған топ Тавилдар ауданындағы бірқатар әкімшілік мекемесін басып алуды жоспарлаған.
Тәжікстандағы 90-ыншы жылдардағы азамат соғысы кезінде Зиеев үкіметке қарсы жасақтардың біріне қолбасшы болған.
XS
SM
MD
LG