Accessibility links

Пәкістанның Сват жазығына тұрғындары орала бастады


Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысындағы Сват жазығына босып кеткен тұрғындары қайта орала бастады. Олар өткен сәуір айының соңында Пәкітан армиясы тәліптерге қарсы соғыс операциясын бастаған кезде туған жерінен босып кеткен болатын.
Бұрын хабарланғандай, 2 миллионға жуық босқын Пәкістанның көрші аудандарында тұратын туыстарын немесе арнайы лагерлерді паналауға мәжбүр болды. Бүгін үкімет бөлген автобустар мен жүк автокөліктері босқындарды Сват жазығына қайта жеткізе бастады.
БҰҰ Пәкістан үкіметін босқындарды тек өз ықтиярлары болғанда және қауіпсіздігі мен жөнді баспанамен қамтамасыз еткенде ғана кейін қоныстандыруға шақырды. Хабарға қарағанда, соғыс қимылдары кезінде Сват жазығындағы инфрақұрылымның едәуір бөлігі қирап, оны қалпы келтіру ұзақ айларға созылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG