Оңтүстік Кореяның барлау агенттігі Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ирдің сырқаттанып, хал үстінде жатқаны туралы ақпарды растай алмайтынын мәлімдеді. Оңтүстік Кореяның YTN телекомпаниясы Оңтүстік Корея мен Қытайдың барлау қызметтеріндегі құпия мәлімет көздеріне сілтеме жасап, Ким Чен Ирдің асқазанынан қатерлі ісіктің шыққанын хабарлады. Одан бұрынғы хабар бойынша, 1 жыл бұрын коммунистік Кореяның көсемі басына қан құйылып, инсульт алыпты. Таяуда ғана Солтүстік Кореяның теледидары айтарлықтай азған және шашы сиреген 67 жастағы Ким Чен Ирді көрсетті. Бұл бейнесюжет Пхеньянның ядролық және соғыс зымырандарын сынақтан өткізуне байланысты Корея түбегінде ахуал ушыққан кезде көрсетілді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV