Accessibility links

Қытай полициясы Үрімжіде 2 ұйғырды атып өлтірді


Дүйсенбі күні Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы – Үрімжіде полиция 2 ұйғыр азаматын атып өлтірді.
Өткен апатадағы ұлтаралық қақтығыстарда, соңғы мәлімет бойынша, Үрімжіде 184 адам, оның ішінде 137 қытайлық пен 46 ұйғыр қаза тапты. Шыңжаң үкіметінің мәліметі бойынша, 1680 кісі жараланды.
Қытай баспасөзінің хабарлауынша, атып өлтірілген 2 ұйғыр азаматы «тәртіп бұзған» көрінеді.
Үрімжідегі ұлтаралық қақтығыстардан кейін Қытай үкіметі тәртіп орнату үшін қалаға мыңдаған полицей мен армия жауынгерін шоғырландырды.
XS
SM
MD
LG