Accessibility links

Ақордамен жабық келіссөз өткізген Бернс Ташкентке жетті


Ташкентте өзбек президенті Ислам Кәрімовпен келіссөзге отыруының алдында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының саяси Орта Азия және Ауғанстан бойынша орынбасары Уильям Бернс Ақ үйдің Өзбекстанмен арадағы қарым-қатынасын түзегісі келетінін мәлімдеді.
Вашингтон мен Ташкенттің арасы 2005 жылы Әндіжан тұрғындарының бейбіт толқуын өзбек билігінің аяусыз басып-жаншуын АҚШ-тың өткір сынға алған соң күрт салқындады.
АҚШ дипломаты Ташкентке Орта Азия аймағын аралайтын сапарының шеңберінде аялдады. Бернс осыған дейін Қазақстан мен Түркіменстанда және Қырғызстанда болды. Оның ішінде Астанада қазақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жабық келіссөз өткізді.
XS
SM
MD
LG