Accessibility links

«Әл-Қаида» Қытайдан кек алмақшы


«Әл-Қаида» халықаралық террорлық ұйымы ҚХР-нан қақтығыс кезінде ұйғырларды өлтіргені үшін кек алмақ ниеттерін жариялады.

Британдық БАҚ-ның хабарлауынша, мұндай мәлімдемені аталған ұйымның Алжирдегі бөлімшесі таратқан. Олар осында әртүрлі жоба бойынша жұмыс істейтін 50 мың қытайды кек қайтару үшін нысанаға алатындарын айтты.

Өткен аптада «Әл-Қаида» жауынгерлері күш көрсетіп, қытайлық инженерлерді күзетумен айналысатын алжирлік арнаулы қызмет өкілдеріне шабуыл жасаған, мұның салдарынан ҚХР азаматтары зардап шекпегенмен, 24 күзетші өлген.

Қытай үкіметі ұйғыр сепаратистерін халықаралық терроршылармен байланысты деп бірнеше рет айыптаған, «Әл-Қаида» Үрімжідегі қақтығысқа алғашқылардың бірі болып назар аударды.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG