Accessibility links

Роб Махоуни: Интернетті бақылау заңы интернетті пайдаланушыларға ауыр соққы


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Интернетке мемлекеттік бақылау орнату туралы заңға қол қойғаннан кейін Журналистерді қорғау комитеті мәлімдеме жасады.

«Бұл Қазақстандағы масс медиа мен интернетті пайдаланушыларға ауыр соққы», — деді Журналистерді қорғау комитеті директорының орынбасары Роб Махоуни.

«Бұл заңға сәйкес барлық интернет ресурстар, соның ішінде форумдар, блогтар, чаттардың бәрі Қазақстандағы БАҚ жұмысын реттеу заңына сәйкес жауапкершілік алады. Бұл заң Қазақстанның ЕҚЫҰ сияқты құқық қорғаушы жетекші ұйымға төраға ретінде рөліне сәйкес келмейді және билікке өзге пікірдегілерді барлық бағытта басып-жаншуға мүмкіндік береді».
XS
SM
MD
LG