Accessibility links

Ч. Тэйлор соғыс қылмыстары айыптарын мойындамайды


Бүгін Либерияның бұрынғы президенті Чарльз Тэйлор Гаага сотында өзіне қарсы тағылған соғыс қылмыстары айыптарын өтірік деп мойындамады.

Тэйлор 1991-2001 жылдары Сьерра-Леоне еліндегі азаматтық соғыста кісі өлімі, зорлық, балаларды әскерге алу, тонаушылық сияқты өзіне тағылған айыптарды қабылдамай отыр.

Дүйсенбі күні басталған БҰҰ-ның қолдауындағы Батыс Африканың Сьерра-Леоне республикасының арнайы сотында Тэйлордың адвокаттары оны қорғап, Тэйлор Сьерра-Леонеде бейбітшілік арағайындық жасамақшы болды деді.

Чарльз Тэйлор халықаралық трибуналға тартылған бірінші африкан жетекшісі болып отыр. Оның соты бірнеше аптаға созылады.
XS
SM
MD
LG