Accessibility links

Чехия Канададағы елшісін шақырып алды


Канада Чехия азаматтарына виза тәртібін енгізген соң, Чех республикасы өзінің Канадағы елшісін кері шақырып алды.

Чехия премьер-министрі Ян Фишердің айтуынша, чех үкіметі де канадалық дипломаттар мен ресмилерге виза тәртібін енгізіп, Оттаваның виза тәртібіне Прага да дәл солай жауап береді.

Чехия сыртқы істер министрі Ян Когоут Канаданың екі ел арасында виза енгізуіне өте көп чехиялық азамат Канададан саяси баспана сұрауы себеп болған деді.

Адам құқын қорғаушы ұйымдар чех билігін елдегі азшылық топ 250 мың сығанды шеттетіп келеді деп сынап келеді.
XS
SM
MD
LG