Accessibility links

Қытай мұнай корпорациясының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді


Қытайдың Sinopec (China Petroleum & Chemical Corporation) мұнай химиясы корпорациясының бұрынғы басқарма төрағасы Чэнь Тунхай пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді, — деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

75 процент акциясы үкіметке тиесілі бұл корпорациясының басшысы Чэнь Тунхайдың 2007 жылдың маусым айында жұмысынан босатылып, қазан айында тұтқындалғанын Лента.Ру хабарлаған болатын.

Сол кездегі мәліметтерде оны қандай да бір ақпараттар алу үшін тұтқындағаны және Чэнь Тунхай жұмысынан босатылғаннан кейін оған қатысты «қаржылық мәселелер» бойынша тергеудің басталғаны айтылған.
XS
SM
MD
LG