Қазақстан кемсітушілікпен күрес жөнінде арнаулы заң қабылдауы қажет, — дейді БҰҰ –ның аз ұлттар мәселесі жөніндегі тәуелсіз сарапшысы Гей Макдугалл.
«Мен сіздердің Конституцияларыңызда тиісті ережелердің және азаматтарды кемсітпеу жөніндегі нормаларды қамтитын басқа заңдардың бар екенін білемін, бірақ кемсітушілікті дәл анықтайтын, сондай-ақ кемсітушілік орын алғанда мемлекет тарапынан қандай шара қолданылатынын белгілейтін арнаулы заң қабылдау маңызды деп ойлаймын» — деді Макдугалл.
Оның айтуынша, мұндай заң азаматтарды кемсітудің алдын алуға бағытталған нормаларды орындайтын мемлекеттік органға өкілеттілік беруі тиіс.