Accessibility links

Танысының 500 мың еуросын жымқырып кеткен алаяқ 5 жылға сотталды


Алматының Бостандық аудандық соты «Казкоммерцбанк» АҚ тұтынушысының есепшотынан 500 мың еуроны жымқырып кеткен алаяққа қатысты қылмыстық істі қарап, оны 5 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды, — деп хабарланды банк таратқан ақпаратта.

Хабарлама мәліметінше, астаналық Гүлнар Сланова өзінің танысы Л. деген азаматшаның жеке төлқұжаттарын тауып алып, оны иесіне қайтармай, өз пайдасына жаратқан. Ол Л-мен өзінің сыртқы ұқсастығын пайдаланып, оның есепшотынан 500 мың еуро ақшасын алып кеткен, бірақ оны жұмсап үлгермеген. Бірнеше күннің ішінде оны қауіпсіздік қызметінің өкілдері қолға түсірген.

Арнаулы жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында Слановадан 498 мың еуро тәркіленген. Тергеуге басқа да саусақ іздері, бейнетүсірілім материалдары және алаяқты тасымалдаған көлік жүргізушісінің куәлік сөздері сияқты айғақтар пайдаланылған.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG