Accessibility links

Иранның ішінде 168 адамы бар ұшағы құлады



Иранның жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Елдің солтүстік-батысында құлаған ұшақтың ішінде 153 жолаушы болған.

Ақпарат агенттіктері хабарлап жатқандай, Каспий әуекомпаниясы Теһраннан Армения астанасы Ереванға бара жатқанда әуеге көтерілген 16 минуттан кейін Иранның Қазвин қаласына жақын құлаған.

Ирандық ресмилердің айтуынша, ұшақ жерге құлағанда күл-талқан болып, қалдықтары өртеніп жатыр.Ұшақтың ішіндегі барлығы 168 адам қаза тапты деп айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG