Accessibility links

Грозныйда ресейлік құқық қорғаушы ұрланды


Ресейдің белгілі құқық қорғаушы белсендісін Шешенстанда ұрлап кеткен.

Ресейлік “Мемориал” құқық қорғаушы тобының басшысы Олег Орловтың айтуынша, Наталья Естемированы Грозныйда төрт ер адам күштеп көлікке отырғызып әкеткен.

Өтіп бара жатқандар оның мені ұрлап барады деп айқайлағанын естіген. Орловтың айтуынша, Шешенстан билігі Естемированың жұмысын сынап жүрген.
XS
SM
MD
LG