Accessibility links

Өсер Мизанбаев: Биыл экономикалық қауіпсіздік саласында 230-дан астам қылмыстық іс қозғадық


Жыл басынан бері ҚР ҰҚК мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 230 қылмыстық іс қозғаған, — деп хабарлады ҰҚК экономикалық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Өсер Мизанбаев.

«Ағымдағы жылы біз экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 230-дан астам қылмыстық іс қозғадық, оның 113-і сыбайлас жемқорлық бабы бойынша. Экономика саласында шамамен 300-ге жуық сыбайлас жемқорлық қылмысы әшкереленді. Бір жарым жылда біз жер қатынастары саласында 31 қылмыстық іс қозғадық, жүзден астам сыбайлас жемқорлық қылмыстарын әшкереледік» — деді Ө. Мизанбаев.

Оның айтуынша, 2008 жылы және ағымдағы жылдың алты айында кеден қызметкерлерінің үстінен 70 –ке жуық қылмыстық іс қозғалған, оның 54 –і сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша, ал ағымдағы жылы салық қызметкерлерінің үстінен 24 қылмыстық іс қозғалып, 41 сыбайлас жемқорлықтың беті ашылған.

XS
SM
MD
LG