Accessibility links

Палестина «әл-Жазира» телеарнасын жауып тастады


Палестина автономиясының билігі қатарлық «әл-Жазира» телеарнасының өз аумағында таратылуына тиым салып, оған сот арқылы қауіп төндіруде. Палестина ақпарат министрлігі таратқан ақпаратта «әл-Жазираның» автономия басшылығын жамандайтын ойдан шығарылған мәлімет таратқаны айтылады.

Бұл тиым салуға сейсенбі күні «әл-Жазира» телеарнасының бағдарламасында сөз сөйлеген палестиндік саясаткер Фарук әл-Қадумидің автономия басшысы Махмуд Аббас 2003 жылы Ясир Арафаттың көзін жою үшін Израилмен келісімге келді деген сөзі себеп болған.

Ясир Арафат 2004 жылы ауырып қайтыс болған, оның өлімінің себебі әлі күнге анықталған жоқ.
XS
SM
MD
LG