Accessibility links

Құқық қорғаушы топ Естемированың өліміне шешен жетекшісін кінәлады


Ресейдің адам құқын қорғаушы тобы сәрсенбі күні Шешенстанда ұсталып, өлтірілген Мемориал ұйымы белсендісінің өліміне шешен президентін айыптап отыр.

Құқық қорғаушы болған Наталья Естемирова Горзныйда полицияның заңбұзушылықтары туралы құжат жинап жүргенде ұрланып, кейін оның мәйіті көрші Ингушетияда табылған.

Мемориал тобының басшысы Олег Орлов Естемированың өліміне Шешенстан президенті Рамзан Қадыровты кінәлап отыр.
Президент Қадыровтың өзі Интерфакс агенттігіне берген сұхбатында, бұл қатыгездік өлімге жауаптылар қатаң жазалануы керек деген.
XS
SM
MD
LG