Accessibility links

Исландия парламенті ЕО-на қосылу жөнінде дауыс береді


Бүгін Исландия парламенті елдің Еуропа Одағына қосылуы керек пе, жоқ па деген мәселе бойынша дауыс береді. Дауыс берулер жабық есік жағдайында өтеді.

Исландия үкіметінің үлкен бөлігі елдің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Еуропа Одағына қосылуды алға тартады. Бірақ коалицияның кейбір мүшелері Еуропа Одағына қосылуға қарсы болып келеді.

Исландияның өткен жылғы қаржы дағдарысынан экономикасы құлдыраған болатын. Егер парламент Еуропа Одағына қосылуды қолдап жатса, ақырғы шешімді бәрібір ұлттық референдум арқылы қоғам қабылдайды.
XS
SM
MD
LG