Accessibility links

Еуропалық саясаткерлер президент Обамаға ашық хат жолдады


Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің бір топ саясаткері Құрама Штаттардың аймақтағы саясатына байланысты АҚШ президенті Барак Обамаға ашық хат жолдады.

Хатқа қол қоюшылар НАТО өзінің стратегиялық қажеттіліктеріне сай емес дей келе, Обама әкімшілігін Ресейдің өсе түскен ревизионизміне төтеп беруге шақырған.

Ашық хатта сонымен қатар АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесін Польша мен Чехияда орналастыру жоспарының маңыздылығы атап өтіліп, бағдарламадан түбегейлі бас тарту немесе Ресейдің бұған қатты араласуы аймақ бойынша Құрама Штаттар сенімін бұзуы мүмкін делінген.

Хатқа қол қойғандардың қатарында, Польша мен Чехияның бұрынғы президенттері Леха Валеса мен Вацлав Хавел, Литвадан Валдас Адамкус, Латвия мен Румынияның бұрынғы президенттері Вайра Вике Фрейберга мен Емил Константинеску, Эстония экс-премьері Март Лаар мен аймақтың басқа да бірқатар белгілі тұлғалары бар.
XS
SM
MD
LG